«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында 1 сәуір Халықаралық құстар күнінде Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының мамандарымен «Шаңырақ» көпсалалы мектеп -гимназисының оқушыларымен «Құстар үйі» акциясы өткізілді.
Шара барысында оқушыларға құстар әлемі, олардың экожүйедегі маңыздылығы туралы ақпарат берілді, қорық аумағындағы құстар туралы айтылды., акция бойынша құстарға арналған үйшіктерді қалай дұрыс жасау керектігі түсіндірілді.
Ары қарай қорық қызметкерлері оқушылармен бірлесе құстарға үйшіктер жасап, қаланың Ауғандықтар саябағында ағаштарға орнатылды.
Құстар бізге таныс барлық экожүйелердің маңызды қатысушылары болып табылады, олардың жойылуы нағыз табиғи апатқа әкелуі мүмкін.
Қауырсынды достарымызға қамқор болып, оларды қорғайық.














