Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары жоғары сынып оқушыларымен бірлесе құстарға үйшіктер жасап, мектеп ауласына орнатылды.
Аталған шара аясында оқушыларға құстардың тіршілігі жайлы мәліметтер берілді, құстарға арналған үйшіктерді қалай дұрыс жасау тәсілдері түсіндірілді.
Құстарға арналған шағын үйшік- табиғат қорғаудың қарапайым әрі қамқор жолы. Қанатты достарға қуаныш сыйлап, ауламызды әсем әуенге толтырайық!














