Қорық аумағында табиғат қайта оянып, жұпар шашқан гүлімен жердің сәні кіріп, жаңа тіршілік басталды.
Далалық сапар барысында ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандарымен алғашқы наурызгүлдер тіркелді: Алтай торсылдақ, Сібір қандығы, Алтай желайдар және жұмсақ балшатыр.
Бұл нәзік өсімдіктер ҚР Қызыл Кітабына енгізілген. Табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауларыңызды сұраймыз.














