Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 9 сәуір күні жалпықалалық сенбілікке қатысып, өз үлестерін қосты. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауды мақсат еткен игі шараға қорық қызметкерлері ұйымшылдықпен қатысты.
Аталған акция аясында Риддер қаласының Ульбинская көшесінде белгіленген аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке қорықтың 25 қызметкері жиналып, ортақ іске жұмыла кірісті. Қатысушылар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып шықты.
Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, тазалық жұмыстарына белсене ат салысамыз. Біз үшін тазалық сақтау жай ғана міндет емес, бұл әрқайсымыздың азаматтық борышымыз бен туған жерге деген құрметіміз.
Айналаңызды таза ұстаңыз, табиғатты аялаңыз.














