14 сәуір күні "Парктер шеруі-2026" табиғатты қорғау акциясы аясында "Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-де Достық үйіндегі "Шеберлер қаласы" студиясының басшысы И.А. Недобитконың жетекшілігімен қызғалдақтар жасау бойынша оригами техникасында шеберлік класы өткізілді.
Іс-шара шеңберінде қатысушылар оригами өнерінің негіздерімен танысып, қағаздан сәндік бұйымдар жасау дағдыларын меңгерді. Ұйымдастырушылардың басшылығымен көктем мен табиғаттың оянуын бейнелейтін қағаз қызғалдақтар дайындалды.
Осындай іс-шараларды өткізу шығармашылық қабілеттерді, экологиялық ойлауды дамытуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.














