15 тамызда «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің заңгері Ж.С.Баймұханбетов кезекті ауысымға шығатын мемлекеттік инспекторлар үшін әкімшілік хаттамалар толтыру тәртібі бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді. Оқыту барысында әкімшілік хаттаманы рәсімдеу бойынша толық, жан -жақты түсіндіріліп, құқық бұзушылыққа байланысты заңнамалық нормаларды дұрыс қолдану туралы айтылды.



