«ПАРКТЕР ШЕРУІ 2026» табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылуы
2026 жылдың 16 сәуір күні Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы «Парктер шеруі – 2026» экологиялық акциясының ашылу салтанатын өткізді. Халықтың назарын қоршаған ортаны қорғауға шақыруды мақсат еткен іс-шара қаланың орталық алаңындағы салтанатты шерумен бастау алды. Шараға қорық қызметкерлері мен Риддер колледжі студенттері (болашақ орман шеберлері) белсенділік танытып қатысты.
Аталған іс-шара табиғатты қорғау мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлерін, мемлекеттік органдардың өкілдерін, оқушылар мен өңір тұрғындарын біріктіреді. «Парктер шеруі» қоршаған ортаны қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.
«Парктер шеруі 2026» акциясы аясында түрлі экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланған: байқаулар, акциялар, ағартушылық дәрістер және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған практикалық бастамалар.
Осындай іс-шараларды өткізу қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді және табиғатты сақтау - бұл әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екенін түсінуді нығайтады.
Батыс -Алтай қорығында Парктер шеруі бағдарламасын іске асыруға дайын екендігі туралы баянатты ғылым және туризм жөніндегі директордың орынбасары С.М. Баянбаев баяндап, қорық директоры К.А. Орсаринов қабылдады. Өз сөзінде жиналғандарды акцияның салтанатты ашылуымен құттықтап, баршаға табиғи мұраны сақтау және отанымыздың игілігі үшін экологиялық мәдениетті арттыру бойынша белсенді, жемісті жұмыс тіледі.














