19 наурызда Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қ.А. Орсаринов өрт қауіпі бар маусымға дайындық аясында өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының дайындығын тексерді.
Тексеру барысында арнайы жабдықтардың техникалық жай-күйіне, өрт сөндіру автомобильдерінің жарамдылығына, мүкәммалдың болуы мен жинақталуына, сондай-ақ байланыс және навигация құралдарының дайындығына ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша өртке қарсы техниканың жарамды күйде екендігі және ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға толық дайын екендігі анықталды.
Мұндай іс-шаралар алдын алу жұмысының маңызды бөлігі болып табылады және табиғи өрттерді уақтылы болдырмау мен жоюды қамтамасыз етуге бағытталған.














