Құстарға қамқорлық жасау бағытында ұйымдастырылған «Құстар үйі» акциясы кезекті №16 орта мектебінде ұйымдастырылды.
Қорық мамандары оқушыларға құстар, олардың тіршілігі, Батыс -Алтай қорығындағы құстар түрлері, сонымен қатар оларды қорғаудың маңыздылығы туралы жалпы ақпарат берді.
Ары қарай оқушылармен бірлесе құс үйшіктерін жасап, мектеп ауласына орнатылды.
Қанаттылардың тіршілігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалатын іс- шаралар Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығында жалғасып жатыр.














