19 наурыз күні Наурызнама онкүндігінің «Жаңару күніне» орай «Парктер шеруі» экологиялық акциясында Риддер қаласының Тілдерді оқыту орталығы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Риддер қалалық филиалы және Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы арасында жасасқан серіктестік меморандумы негізінде Батыс -Алтай қорығының әкімшілік ғимаратында «Туған жердей жер болмас-2026» атты дәстүрлі қалалық сайысы өткізілді.
Осы тұста қорық маманы алдағы «Парктер шеруі 2026» экологиялық акциясы туралы айтып, акция аясындағы өткізілетін іс -шаралар мен байқауларға қатысуға шақырды.
Сайыс барысында қатысушылар ақын жазушылардың туған жер, туған өлке және табиғат туралы өлеңдері бойынша сайысқа түсіп, тамаша өнерлерін көрсетті.
Осы сайыста жүргізуші ретінде ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің зертханашысы Юлия Александровна Маткова және қазылар алқасының мүшесі ретінде орман шебері Әлішер Әлімханов қатысты.














