22 сәуір күні «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» акциялары аясында Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері және №3 орта мектептің оқушыларымен бірлесе сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында Семей көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, «Таза өлке» акциясын өткізді.
Жұмыла көтерген жұмыстың нәтижесінде 3 т. қоқыс шығарылып, 2 га аумақ тазартылды, барлығы 44 адам қатысты.
Сенбілікке барлығы белсене қатысып, табиғатты қорғау және сақтау ісіне өз үлестерін қосты.
Тазалық – әрбір азаматтың борышы.














