27 наурызда Өскемен қаласында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «ОҚУ ЗЕРТТЕУ ЭКОБИООРТАЛЫҒЫНЫҢ» құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ -2026» мерейтойлық XXV дәстүрлі аймақтық педагогикалық жаратылыстану -ғылыми конференциясы өтті.
«Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ -нен аға ғылыми қызметкер Н.В. Премина, инженер орманпаталогы А.К.Косаев, зертханашы Ю.А. Маткова, аңшылықтанушы Ж.Н.Кінәзханов өз баяндамаларымен сөз сөйледі.














