Алтай таутобылғысы немесе Алтай сибиркасы (лат. Sіbіraеa altaіensіs) – сирек кездесетін дәрілік, рауашангүлділер тұқымдасы, таутобылғы туысына жататын, қызыл кітапқа енгізілген, Алтай тауларының аз ғана топтарымен өзең аңғарларының ашық алқаптарында, таудың ортаңғы белдеуінде өсетін, көлеңкеге төзімді бұта.
Алтай таутобылғысы - биіктігі бір жарым метрден аспайтын бұта. Мұндай қызғылт қоңыр түсті қабығы бар,бұтақтары барынша жуан, қызғылт қоңыр қабықты. Алтай таутобылғысы сұр-жасыл реңктерге боялған қалың ланцет жапырақтарымен ерекшеленеді, олардың ұзындығы шамамен отыздан қырық миллиметрге дейін, ал ені жетіден жиырма миллиметрге дейін болады. Бұл өсімдіктің гүлшоғыры ұзын желектер ұштарында дамитын паникулалар түрінде болады, мұндай тостағанша мен желектерінің саны бес-онға жуық болады, олардың ұзындығы үш-он сантиметр. Алтай таутобылғысының жапырақтары түксіз келеді , ал жапырақтардың мөлшері жоғары қарай кішірейеді. Бұл өсімдіктің гүлдері ақ түске боялған, ал жапырақтары жалаңаш.
Алтай таутобылғысы маусым-шілдеде гүлдеп, шілде -тамызда жеміс береді. Жемісі қынап түсті.
Алтай таутобылғысы өте құнды емдік қасиеттерге ие, ал бұл өсімдіктің бұтақтарын емдік мақсатта пайдаланады. Мұндай құнды емдік қасиеттердің болуын осы өсімдіктің құрамындағы хиноиннің, таниндердің, алкалоидтардың іздері, флавоноидтар және циан қышқылының болуында. Алтай таутобылғысының бұтақтарынан дайындалған қайнатпа Алтайда кеңінен таралған. Ал халық медицинасында безгек, бауыр ауруларын (гепатит) жүрек ауруларын емдеуде қолданады.
Ол Батыс-Алтай қорығы аумағында Қара Уба өзенінің аймағында кездеседі.
Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Нұрахметова Ә.К. дайындады.