2 ақпанда «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де «Төтенше жағдайға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын басқару алгоритмі» және жергілікті жерлерде мемлекеттік орман күзетінің, орман өрттерін сөндіру бойынша басшылық етпейтін құрамның орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлеріне оқыту -түсіндіру шарасы өткізілді.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу персоналдың дайындық деңгейін арттыруға, өрттің таралу қаупін азайтуға және қорықтың бірегей табиғи кешендері мен биологиялық әртүрлілігінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алдын -алу және үйлесімді іс-қимылдар - өрт қауіпті кезеңде табиғатты тиімді қорғаудың негізі.














