Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1-қазан күні Халықаралық қарттар күні аталып өтуде.
Құрметті қазыналы қариялар! Сіздердің баталарыңыз – біз үшін ең үлкен тілек. Сіздер – отбасының тірегі, әулеттің берекесі, елдің ақылгөйі. Немере - шөберелеріңіздің қызығына тоймай, ұрпақтарыңыздың құрметіне бөленіп жүре берулеріңізді тілейміз!
Қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей, бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі! «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің ұжымы қорық зейнеткерлерін құттықтап, шағын сый-сияпаттар табыстап қайтты.














