Жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты жас шыбықтарды қорғауды күшейту және заңсыз кесу фактiлерiнiң алдын алу мақсатында табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің инспекторлары Үлбі шекара бөлімшесі қызметкерімен бірлескен рейдтік іс шара жүргізілді. Рейдтік шара барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар қорық қызметкерлері жергілікті тұрғындар мен біздің өңірдің қонақтары арасында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Осы бағытта табиғатты сақтау және орман ресурстарын қорғау бойынша шаралар орман қорының сақталуын қамтамасыз етеді.
Табиғат байлығын сақтау өз қолымызда!














