4 наурыз күні Риддер қолледжінің «Л- 24» тобының 2 курс студенттері үшін «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің аға ғылыми қызметкері Премина Наталья Викторовна «Негізгі орман құраушы түрлер» тақырыбында дендрология бойынша тәжірибе өткізілді.
Тәжірибе барысында ШҚО-ның жалпы орман құраушы түрлері туралы егжей-тегжейлі айтылды. Тәжірибеде бұтақтар, бүрлер және тұқымдар мысалында түрлердің сипаттамаларын, негізгі белгілері мен айырмашылықтары түсіндірілді.














