Бұл күн жануарлар мен өсімдіктер әлемінің байлығын және оны сақтаудың маңыздылығын еске салуға арналған.
Батыс -Алтай қорығының жануарлар дүниесі 230 түрден, құстардың фаунасы 165 түрден тұрады, олардың 120-сы ұя салушы болып табылады.
Қазақстанның Қызыл кітабымен қорғалатын сирек кездесетін түрлердің ішінде қорық аумағында көші-қон кезеңінде кездесетін қара дегелек, бүркіт, лашын, таз тырна, үкі мен ителгі белгіленген. Бұдан басқа, шәукілдек және еменшіл сұлыкеш құстардың жаһандық қауіп төндіретін түрлерінің халықаралық тізіміне енгізілді.
Сүтқоректілер 57 түрден тұрады. Сирек кездесетін түрлер арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Иконников жарқанаты тіркелген. Герпетофауна амфибиялықтардың 2 түрін және бауырымен жорғалаушылардың 4 түрін қамтиды, балықтың 5 түрі, оның ішінде мемлекеттің қорғауындағы таймен анықталған.
Қорық флорасы 889 тамырлы өсімдіктерден тұрады, оның ішінде 27-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Табиғатты аялаңыз, оның сұлулығын бағалаңыз және болашағы біздің қолымызда екенін ұмытпаңыз!














