"Өз жұмысымды жақсы көремін, себебі табиғат мен үшін туған үйім"- дейді Батыс- Алтай қорығында орман өрт сөндірушісі болып еңбек етіп жүрген Слабченко Александр Владимирович.
Орман өрт сөндірушісі болу, орманды қорғау- бұл тек жұмыс емес, үлкен жауапкершілік пен міндет деп білемін.
Табиғатты тамашалау, оның сұлулығына тамсану, орман саясында демалу бір бөлек, ал осы байлығымызды сақтап қалу, күзету жолындағы жұмыс бір бөлек.
Ендеше табиғатқа жанашырлық танытып, өз міндеттерін сапалы атқарып жүрген әр азаматымыз аман болсын!