Турнирге «№ 14 орта мектебі» КММ жазғы лагерь оқушылары қатысты. Экологиялық турнирде балалар табиғатты қорғау және экология тақырыптары бойынша өз білімдерін көрсетті. Балалар «Алтай табиғаты- жердің маржаны» - көркем викторина (сұрақтарға жай ғана жауап бермей оның жауабын суретке салды), «Біз планетамызға жауаптымыз!»- табиғаттағы жүріс тұрыс ережелері туралы мультфильм, «Жұмбақты кезең» ойындарына қатысты.Табиғат білгірлерінің турнирі өте қызықты өтіп, әрі танымдық маңызы зор болды.
Балалардың екінші ересек тобы қорық аумағына серуенге шығып, табиғаттың ортасында бар білімдерімен бөлісті.
Балалар нағыз «Табиғат білгірлері» деген атауға лайықты болды.