«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ мекемесінің директоры Кайрды Абуевич Орсариновтың алғы сөзімен басталған отырысқа осы акцияны өткізуде белсенділік танытқан түрлі ұйымдар қатысты: БАҚ, табиғатқорғау және білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар.
Қатысушылар назарына акция бойынша өткізілген түрлі нысандағы және мазмұндағы 70- тен аса іс-шаралардың есебі ұсынылды.
Жыл сайынғы акцияның белсенді қатысушыларына табысталатын ауыспалы кубоктың иегері биылғы жылы № 10 орта мектебіне бұйырды.
Жиын соңында қатысушылар жылы лебіздері мен алғыстарын сонымен қатар ұсыныстарын айта кетті.
Табиғат мұражайында ұйымдастырылған шығармашылық байқауларға қатысқан қатысушылардың қиял мен шеберлігіне тәнті болып, «Жұртшы», «Шетен», «Ғажайып гүлдер қызғалдақтар», «Құдыр» тақырыбындағы сурет, плакат, қолөнер байқау жұмыстарының көрмесін тамашалады. Жеңімпаздар алғыс заттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Табиғатты сақтау және қорғаудағы өзіндік үлес қосқан барлық жандарға алғыс білдіре отырып, қоршаған ортамызды жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шаралар жалғасын таба берсін деп тілейміз!