"Қонақжай қорық" экологиялық -ағартушылық іс-шаралары шеңберінде 2025 жылғы 3 қазанда Батыс -Алтай қорығының "Белая Уба" кордонына Риддер қаласы әкімдігінің халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы балалармен, олардың ата -аналарымен және әлеуметтік қызметкерлермен экскурсияға шықты.
Қорық қонақтары үшін табиғат мұражайында қорықтың көрікті жерлері, бағыттары және флора мен фаунасы жөнінде дәріс өткізілді. Кордонда қонақтарға кең ауқымды спорттық - ойын -сауық бағдарламасы мен түймедақ суретін салу бойынша шеберлік сыныбы ұсынылды.
Таза ауа, әдемі күзгі пейзаж балаларға оң әсерін тигізді.














