Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығында өрт қаупі бар маусымда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Аумақ қорғау инспекторлары өрттің алдын алу, орман өрттеріне жол бермеу, табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық үнпарақтар таратады.
Барлық тұрғындарды от жақпауға, темекі тұқылын тастамауға, қоқыс қалдырмауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!














