5 желтоқсанда Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығында «Шыршаны қорғаймыз және сақтаймыз» атты жыл сайынғы табиғат қорғау акциясының Үйлестіру Кеңесі ұйымдастырылып, өткізілді. Биыл оның біздің қаламызда ұйымдастырылғанына 25 жыл толады. Өткен уақыт ішінде акция бүкілқазақстандық болды және аталған табиғат қорғау іс-шарасы «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысына сәйкес өткізіледі.
Үйлестіру Кеңесінің отырысына табиғат қорғау мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, БАҚ, ғылым, мәдениет, бизнес, мемлекеттік органдардың, «Аманат» партиясының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында табиғат қорғау акциясының мақсаттары мен міндеттері айтылды. Ұйымдастырушылар қонақтарды алдыңғы іс-шараның қорытындысымен мазмұнды презентация түрінде таныстырды.
Алдағы кезеңде жергілікті тұрғындармен ауқымды экологиялық-ағартушылық жұмыстар - білім беру мекемелерінде дәрістер мен әңгімелесулер, парақшалар мен буклеттер шығару, БАҚ-та жарияланымдар, әлеуметтік желілер мен сайттарда ақпарат орналастыру, қылқан жапырақты ағаштарды қорғау үшін шығармашылық конкурстар ұйымдастыру және өткізу жоспарланған. Барлық табиғат қорғау мекемелерi орман сұлулықтарын заңсыз кесудiң жолын кесу үшiн патрульдiк-рейдтiк iс-шаралар жүргiзетiн болады.
Барлық қатысушыларға қылқан жапырақты жас талдарды сақтау бойынша барлық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру, біздің табиғи ресурстарымызды сақтау ісіне өз үлесін қосу идеясы маңызды негіздеме болды.
Шығармашылық байқаулардың қорытындысы шығарылғаннан кейін қала алаңдарында үздік жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылады.
Шығармашылық жұмыстар 2025 жылғы 8 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін қабылданады, ал 14 қаңтардан бастап байқау жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады.
Баршаңызды осы акцияға қатысып, қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға үлес қосуға шақырамыз!














