2025 жылы «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ өткен жылдардағыдай Ресей, Қазақстан және Қырғызстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының белсенділері ұйымдастырған «Таза таулар» халықаралық экологиялық акциясына қосылды. Таулы аумақтарды тазарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
Біздің қаламызда аталған акцияға Жеңіс жұлдызын жаққаннан кейінгі қоқысты тазалау, Журавлиха өзенінің жағалауын тазарту шараларына 45 адам қатысқан болатын. Барлығы 17,1 тонна қоқыс шығарылды. Халықаралық таулар күні 11 желтоқсанда аталып өтіледі және осы күн қарсаңында акцияны ұйымдастырушылар, Катун биосфералық қорығының қызметкерлері қорытындыланып, атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Біз оны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:
«Таза таулар» - табиғатқа деген қамқорлықтың алты жылы!
«Таза таулар» - жыл сайын мыңдаған қамқор адамдарды біріктіретін еріктілер мен ағартушылық іс-шаралар сериясы. Акция 2020 жылдан бері Алтай Республикасында, Шығыс Қазақстан облысында және Қырғызстанның Нарын облысында өтіп келеді.
2025 жылғы «Таза таулар» сандары:
- 100-ден астам экодесант өткізілді, оған 2500 мыңнан астам адам қатысты.
- 8 тоннаға жуық қоқыс жиналып, ҚТҚ полигонына шығарылды.
- 75 экологиялық сабақ пен әңгіме өткізілді.
- Жартастарды вандалдық жазулардан тазарту - акцияның жаңа бағыты! Катун қорығының қызметкерлері Алтай Республикасының Мараловодка және Ело ауылдарының маңындағы жартастарда 50 м² астам алаңда 70-тен астам жазбаны тазартты.
Акцияны ұйымдастырушылар:
- Катунь биосфералық қорығы және Алтай тау-кен серіктестігі (Ресей)
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Батыс -Алтай қорығы (Қазақстан)
- «Қаратал-Жапырық» қорығы және «Қара Буура» табиғи паркі (Қырғызстан)
2025 жылы акция Greenway Global компаниясының қолдауымен өткізілді.
Акцияға қатысушылардың барлығына алғыс айтамыз. Бірге біз тауларымыздың тазалығы мен сұлулығын сақтауға бір қадам жақындадық".














