6 және 10 қазанда Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары "№5 орта мектеп" КММ жоғары сынып оқушыларына және "Риддер колледжі" КМҚК бірінші курс студенттеріне дәрістер өткізді.
Оқушылар мен студенттерге мемлекеттік инспекторлардың, ғылыми қызметкерлердің, экологиялық ағарту мамандарының және орман шеберлерінің жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтылды. Барлығымен кәсіптік бағдар беру бойынша әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ оқушылар "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ туралы жалпы мәліметтер мен туристік бағыттар жайлы дәріс тыңдады. Дәрістер қорық туралы фильм көрсетілімімен аяқталды.














