11 қазанда Риддер қаласының аумағында қала әкімдігінің қызметкерлері, Риддер орман шаруашылығының қызметкерлері, сондай-ақ «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ мамандары қылқан жапырақты ағаштарды отырғызды. Отырғызу жұмысына 25 адам қатысты. Барлығы 100 ірі көшет отырғызылды.














