Дәріс барысында оқушыларға Батыс -Алтай қорығы туралы жалпы мәліметтер беріліп, табиғатымызды қорғаудың және оны сақтаудың маңызы, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтаудың жолдары түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі айтылды.
Ал қорық мұражайында Риддер колледжінің Л-23 тобының студенттеріне «Қорықтың экологиялық бағыттары» тақырыбында танымдық дәріс жүргізілді. Барлығы 10 адам қатысты.
Батыс -Алтай қорығындағы бес бағыт туралы, бағыттағы негізгі көрікті жерлермен таныстырып, жүріс -тұрыс ережелері туралы ақпарат берілді.














