Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2025 жылғы 05 қарашадағы №27-03/291 – НҚ бұйрығына сәйкес, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 2025 жылдың өрт қаупі бар маусымы 7 қарашада ресми түрде аяқталды.
Өрттің алдын алу мақсатында қорық инспекторлары мен орман өрт сөндірушілері тәулік бойы қорғау жұмыстарын жүргізіп, қорық аумағына келген туристерге үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды.
Өрт қаупі жоғары маусым барысында қорық аумағында орман өрттері тіркелген жоқ. Өрт қаупі маусымы аяқталысымен, қорық аумағында орналасқан 2 типті орман өрт станциясына қарасты барлық өрт сөндіруші техникалар мен құрал-жабдықтар тексеріліп және түгендеу жұмыстары жүргізіліп қысқы сақтау жағдайына қойылды.














