«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасын табуда, осы кезекте 15 қыркүйекте «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері Колотушка тауының аймағында 28 түп сібір шыршасының көшеттерін отырғызды.
Аталмыш акцияны өткізуде қорық қызметкерлері белсене қатысып, өзіндік үлестерін қосып жүр. Жасыл желекті көбейту мақсатындағы шарада барлығы 23 адам қатысты.














