Бүгін Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры Кайрды Абуевичтың төрағалығымен ғылыми-техникалық кеңестің 2026 жылғы № 1 отырысы өтті.
ҒТК барысында өткен жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, ғылыми зерттеулер, табиғат қорғау қызметі, экологиялық ағарту жұмысының нәтижелері талқыланды.
Кеңес мүшелері қол жеткізілген нәтижелерді атап өтіп, өзекті мәселелерді талқылады және ағымдағы жылғы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша жылдық есеп ұсынымдарды ескере отырып қаралып, қабылданды.
Жұмыс жалғасуда - алда қорықтың бірегей табиғатын сақтау жолында жаңа міндеттер мен жетістіктер тұр.














