«Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының шеңберінде қорықтың әкімшілік ғимараты аумағында күзгі сенбілік өткізді.
Сенбілік - бұл тек жинау ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, жақсы көңіл-күй, жағымды эмоциялар. Керемет күн райы көтеріңкі көңіл-күй мен еңбекке қабілеттілікке септігін тигізді.
Экоакцияның мақсаты- айналамыздың тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті арттыру.
Сенбілік барысында 2 т. қоқыс шығарылды, қатысқан адам саны- 25.














