Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлеріне «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсібі одағы» Құрмет грамоталары және қорық әкімшілігінен орман шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ жылы құттықтау сөздері айтылды.














