2025 жылдың 22 қыркүйегінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы мамандарының және Риддер колледжі студентерінің қатысуымен Риддер қаласының маңайындағы «Ақ қайнар» бұлағының басында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізді.
Іс -шараның басты мақсаты -табиғи су көздерін бұлақты қоқыстан тазарту болып табылады.
Осы тұста қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жанашырлық танытуда бейжай қарамай, басқаларға үлгі боларлық іс жасаған, өзіндік үлес қосқан барша жандарға алғысымызды білдіреміз. Осындай шаралар жастардың арасында экологиялық сананы қалыптастыруда, келешек ұрпаққа таза табиғат қалдыру жолында маңызды рөл атқарады.
Таза Қазақстан- таза табиғат!
Ендеше экологиямызды сақтау жолындағы бағытымыз бір болсын!














