2025 жылдың 24 қыркүйегінде қорықтың «Заповедные дали» бағытында №10, 16, 17 мектеп оқушыларының қатысуымен қорықтың ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің рекреация және туризм маманы Эктова Т.В. және экскурсия жүргізушісі Матков Д.О. «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс өткізді.
Алдымен қорықтың табиғат мұражайында оқушыларға көрікті жерлер, қорық бағыттары және флорасы мен фаунасы туралы дәріс жүргізілді. «Белоубинский» кордонында мемлекеттік инспекторлар мен орман өрт сөндірушілердің жұмысы баяндалып, екінші типтегі орман өрт станциясының жұмысымен танысты.
Ары қарай қорық қонақтары «Заповедные дали» бағытына қарай жол тартты және «Биоалуантүрлілікті сақтаймыз» флешмобын ұйымдастырды. Батыс-Алтай қорығының флорасы мен фаунасының алуан түрлілігін өз көздерімен көрді, дәл осы себептен биологиялық әртүрлілік мұқият қорғалады.
Есте қаларлық сәттер – ала тышқанмен, бұлғынмен, Алтай шақылдағымен кездесу болды. Оқушылар жақсы демалып, табиғаттан жағымды қуат алып қайтты.
Биоалуантүрлілікті сақтау — ортақ жауапкершілік және тек күш біріктіріп қана табиғат байлығын өзіңіз және болашақ ұрпақ үшін сақтауға болады.














