Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылған жапырақты ағаштардың жас талдарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан «Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясы аясында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының мамандары Риддер қаласының №16 орта мектебінің екі 4-сынып, 7-сынып, 9-сынып оқушыларына, барлығы 80 оқушыға дәріс өткізді.
Сабақ барысында қамтылған тақырыптар:
- Табиғаттағы қылқан жапырақты ағаштардың маңыздылығы;
- Қылқан жапырақты ағаштардың пайдасы;
- «Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясы туралы;
- Акция аясындағы шығармашылық байқаулар;
- Қорық аумағындағы жануарлар әлемі, оның ішінде құстар туралы болды.
Бұл шаралардың мақсаты:
- Жас ұрпақты табиғатты аялау және қорғауға тәрбиелеу;
- Табиғи шыршаны қорғау жауапкершілігін арттыру;
- Экологиялық сана деңгейін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Қоршаған ортаны қорғау және сақтауда жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған осындай жұмыстар ары қарай жалғасын табады.














