Оқу-жаттығу шарасы «Вертикаль» спорт кешенінде болды.
Алдымен, қызметкерлердің оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.
Қауіпсіздік ережелерінен кейін пистолет «Байкал 442» және карабин «Сайга» қару жарақтары арқылы оқ атуды орындады. Қызметкерлер нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әрқайсысы біліктіліктерін анық байқатты.
Жаттығу қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар үлкен тәжірибе алып, оқ ату жаттығулары арқылы атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдады.














