Қылқан жапырақты ағаштарды қорғау аясында «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің мамандарымен күнделікті профилактикалық шаралар жүргізілуде.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау мақсатында аумақ қорғау инспекторлары рейдттер, патрульдік бақылаулар өткізіп жатыр. Шаралардың мақсаты - заңсыз ағаш кесуге жол бермеу, орманымызды сақтау, табиғатымызды қорғау.
Орман қорғау мамандары қала тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға және орман байлығын сақтауға шақырады.














