'Өрт-2025" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары. Риддер қаласы аумағында азаматтық қорғау күштері мен құралдарының қатысуымен "Өрт-2025" РКШОЖ өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты табиғи өртті жою кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау, сондай-ақ өрт қауіптілігінің жоғары денгейі жағдайында жедел ден кою дайындығын арттыру болды. Оқу-жаттығулар жоспарлы режимде, койылған міндеттерді орындаумен өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлык тартылған кұрылымдардың дайындық деңгейі мен өзара іс-қимылына оң баға берілді. Мұндай жаттығулар азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын арттыруға және төтенше жағдайларға ден кою дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді