Ал сіз білесіз бе...
-
Көкектің аталығының сыртқы түрі мен түсі қаршығаға ұқсас. Ол қожайын- құсты қорқытады, ал аналығы жұмыртқаларын тастап кетеді.
-
Әдетте көкектер жасырын және жекелей тіршілік етеді. Оларды тек жаздың басында, көбею кезінде көріп, естуге болады.
-
Көкек балапандарын ғана тастап кетпейді басқа ұяға, ол сонымен қатар «ұялас көршілерін» де құртады. Олар басқа түрлер үшін улы жұлдызқұрттарды жейді екен. Бәрін жұтып қоймайынша жеп қояды.
-
Көкектің жұмыртқасының салмағы үш граммды құрайды. Осындай мөлшердегі барлық құстардың жұмыртқа салмағы екі есе үлкен.
-
Көкектің ішінде жұмыртқа дами бастайды. Қалдырылған жұмыртқадағы ұрық жақсырақ дамыған болады және кішкене көкек тезірек шығады, ұядағы иесінің балапандарына қарағанда.
-
Көкек әрқашан балапандардың қайсысы ерте шығатынын біледі: кішкене көкек пе әлде оның «ұялас көршілері» ме. Егер оның балапандары соңғы шығатын болса, ол ұядағы барлық жұмыртқаларды жойып, өзінің балапандарын ғана қалдырады.
-
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ол кәдімгі, ал жекелей жылдары Ақ және Қара Оба бассейіндерінде орман белдігінде және биік таулы шалғындарда (1200-2100 м) сирек ұя салатын түр болған.
Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы
Завьялова И.Н.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/752-k-kek.html#sigFreeId4d2755047f