2021 жылдың жаңа жылдық кезеңінде қылқан жапырақты жас шыбықтарды қорғауды күшейту жөніндегі жедел шаралар мақсатында "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ аумағында ТКмНКҚ бөлімінің жоспарына сәйкес 06.12.2021 жылы орман шеберлері қорық аумағында, "Ақ Оба", "Қара Оба", "Плотониха", "Каменушка" айналымындарында және қорғау аймағында рейдтік іс - шаралар өткізді.
Кордондарда мемлекеттік инспекторлар жүзеге асыратын қызметтік күнделікке жазылған барлық құжаттама, олардың қызметтік міндеттерін орындауы, кордондардың санитарлық жай-күйі, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек тәртібінің қағидалары тексерілді. Кордондарда құжаттама дұрыс жүргізіледі. Сондай-ақ, қысқы кезеңде автокөліктердің өтуі үшін, арнайы және жалпы мақсаттағы жолдар тексерілді.
ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша мемлекеттік инспекторлармен түсіндіру сұхбаттары жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар кезінде "Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ аумағында рұқсат құжаттарынсыз бөгде адамдар, сондай-ақ заңсыз браконьерлік, ағаш кесу жағдайлары байқалмады.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/862-a-oba-ara-oba-plotonikha-kamenushka-ajnalymyndarynda-zh-ne-or-au-ajma-ynda-rejdtik-is-sharalar-tkizdi.html#sigFreeId4f26e919da